freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр

Оқиға
Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр
Фото: Polisia.kz

Полицейлер Кентау қаласында жоғалған жасөспірімді іздеуге азаматтардан көмек сұрады, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 жастағы Сүлеймен Дамир Қанатұлы 9 наурыздан бері табылмай жатыр.

Полиция мәліметінше, 2010 жылы туған Сүлеймен Дамир Қанатұлы 2026 жылғы 9 наурызда үйінен шығып, қайта оралмаған.

Қазіргі уақытта оны полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр.

Полиция жасөспірімнің қайда екенін білетіндерден мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 немесе «102» арнасына хабарласуға болады.

Құқық қорғау органдары кез келген ақпарат маңызды болуы мүмкін екенін атап өтіп, тұрғындарды көмек көрсетуге шақырады.

Еске салайық, Ақтөбе облысында да 10 жастағы оқушыны бір тәуліктен астам уақыттан бері іздеу жалғасып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзенге батып кеткен болуы мүмкін. Бала достарымен велосипед тебуге шығып, үйіне оралмаған. Оны сүңгуірлер мен ондаған адам іздестіріп жатыр, іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу