freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысындағы шекара бекетінде елдің үрейін ұшырған тұрғын қамауға алынды

Оқиға
Түркістан облысындағы шекара бекетінде елдің үрейін ұшырған тұрғын қамауға алынды
Бейнежазбадан скриншот

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» өткізу бекетінде орын алған құқыққа қайшы әрекет дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Желіде кең таралған бейнежазбада ер адам сөмкесінен үшкір бұрауыш алып шығып, өзіне жақындаған адамдарды қорқытқаны байқалады. 

«Қылмыс жасады деген күдікпен жедел іздестіру шаралары барысында Түркістан облысының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жұмыссыз, тұрақты тұрғылықты жері жоқ», - деді Түркістан облысының полиция департаментінің баспасқөз қызметі. 

Қазіргі уақытта күдікті Түркістан облысы ПД Сарыағаш аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу