freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан қаласында 41 жастағы әйел үшем босанды

Оқиға
Түркістан қаласында 41 жастағы әйел үшем босанды
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Түркістан қаласында 41 жастағы Марина Жұрымбаева үш ұлды дүниеге әкелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Жүктілік мерзімі 32 аптаға созылып, босану № 3 облыстық перинаталдық орталықта кесар тілігі әдісімен өткен. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ұл балалардың салмағы 1715, 1955 және 1999 грамм болған көрінеді. 

Шала туғандықтан нәрестелер өмірінің алғашқы тәулігінде тыныс алу аппаратына қосылып, жансақтау бөлімшесінде 10 тәулік дәрігерлердің бақылауында болды. Жағдайлары тұрақталған соң сәбилер анасымен бірге арнайы күтімді қажет ететін нәрестелер бөліміне ауыстырылды, - деп жазылған ақпаратында.

Әкесі сәбилерге Айқын, Айдын және Арсен есімдерін берді. Отбасында бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиеленіп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, үшем отбасында 15 жылдық үзілістен кейін дүниеге келген сәбилер.

Нәрестелер 35 тәуліктен кейін анасымен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу