Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түрмеде отырған саяси тұтқын соққыға жығылды

Саясат
Түрмеде отырған саяси тұтқын соққыға жығылды

Түрмеде отырған «саяси тұтқын» Алмат Жұмағұлов соққыға жығылды. Бұл жөнінде Адам құқықтарын қорғау бюросының журналисі Инга Иманбай фейсбук парақшасында хабарлады.

«Заречный түрмесіне бүгін әскер кіргізіліп, тінту болып, саяси тұтқын Алмат Жұмағұлов соққыға жығылған. Қазір АҚмЗСЖҚСБ адвокат іздеп жатыр», - деп жазды Иманбай.

Саяси белсенді Алмат Жұмағұлов 2018 жылы «жиһатшылар ісі» бойынша 8 жылға сотталған. Оған «терроризмді насихаттады», «ұлтаралық араздық қоздырды» деген айыптар тағылған.

23 ақпанда Қапшағай қалалық соты Жұмағұловтың жазаның қалған бөлігін бостандықты шектеуге ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмаған. Алмат Жұмағұлов пен осы іс бойынша сотталған тағы бір белсенді Кежебек Әбішевті құқық қорғаушылар «саяси тұтқындар» деп атаған.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу