Украина Беларусь тарапынан тікелей агрессия жасалған жағдайда алғашқы көзделетін 500 нысанды анықтады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеп.
Украина Қарулы күштерінің Ұшқышсыз жүйелер күштерінің қолбасшысы Роберт (Мадяр) Бровди Беларусь басшысы Александр Лукашенкоға ескерту жасады.
«Алғашқы 500 нысана әлдеқашан көзде тұр. Тегін әрі өте пайдалы кеңес: Украинаға тиісуші болма», – деп жазды Мадяр Telegram-да.
Сондай-ақ СБС қолбасшысы украиналықтарды сабыр сақтауға, қорғаныс күштеріне сенуге және әуе дабылы сигналдарына назар аударуға шақырды.
Сәуір айында Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Беларусьті Украинаға қарсы соғысқа «тағы да» тартуға тырысатынын мәлімдеген болатын. Бұған дейін Лукашенко соғысты қаламайтынын, алайда Украина Беларуське шабуыл жасаса, соғысқа қатысуға дайын екенін айтқан еді.