freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина дрондары Ресейдегі химия зауытына шабуыл жасады

Әлем
Украина дрондары Ресейдегі химия зауытына шабуыл жасады
Фото: European Union/Copernicus Sentinel-2/REUTERS

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Пермь өлкесіндегі «Метафракс» химия зауытына жасалған соққыны растады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, украиналық дрондар Ресейдің химия өнеркәсібіндегі маңызды кәсіпорындардың бірі саналатын «Метафракс Кемикалс» зауытына соққы жасаған. Зеленский бұл кәсіпорын өнімдері Ресейдің әскери өндірісінде, соның ішінде авиация, дрондар, зымыран қозғалтқыштары мен жарылғыш заттар өндірісінде қолданылатынын мәлімдеді.

«Енді кәсіпорындағы өндірістік процесс тоқтатылды», – деп жазды Украина басшысы Telegram-арнасында. Сонымен қатар ол шабуыл үшін Украинаның Қауіпсіздік қызметіне алғыс білдірді.

Бұған дейін Пермь өлкесінің губернаторы Дмитрий Махонин аймақтағы өндірістік нысандардың біріне дрондар шабуыл жасағанын хабарлаған болатын. Оның сөзінше, зардап шеккендер жоқ. Алайда нақты қай кәсіпорынға шабуыл жасалғаны айтылмады.

Кейін бірқатар Telegram-арналар әңгіме Губаха қаласындағы «Метафракс» химия зауыты туралы болып отырғанын жазды. Аталған кәсіпорында аммиак, карбамид және меламин өндіріледі.

Сондай-ақ әлеуметтік желілерде түтін көтерілген сәттің видеолары тарады. Кей мәліметтерге сәйкес, өңірде жойғыш ұшақтар әуеге көтеріліп, мектептерде эвакуация жүргізілген. Дрон шабуылына байланысты жартылай марафондардың басталуы да кейінге шегерілгені хабарланды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу