freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина дрондары Ресейдің порт инфрақұрылымына шабуыл жасады

Әлем
Украина дрондары Ресейдің порт инфрақұрылымына шабуыл жасады
Фото: Roman Sokolov/TASS/imago image

Украиналық дрондар 13 маусымға қараған түні Ресейдің Краснодар өлкесіндегі Темрюк ауданында орналасқан теңіз терминалына шабуыл жасады., деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Салдарынан өрт шығып, бір адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды.

Өлке губернаторы Вениамин Кондратьевтің мәліметінше, өрт ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары құлағаннан кейін тұтанған. Жалынды сөндіруге 96 адам мен 30-дан астам техника жұмылдырылды.

Украинаның Exilenova+ Telegram-арнасы шабуылдан кейін «Таманьнефтегаз» аумағында екі өрт ошағы тіркелгенін хабарлады. Оның бірі сұйытылған көмірсутек газдары терминалында, екіншісі жүк көліктері тұрағы мен қойма инфрақұрылымы маңында болғаны айтылды.

Бірнеше сағаттан соң Украинаның Қауіпсіздік қызметі (СБУ) аталған нысанға соққы жасалғанын растады. Ведомство мәліметінше, дрондар мұнай өнімдері сақталған бес резервуар мен терминалдың екі тиеу құрылғысына тиген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу