freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украина Ресейдегі маңызды мұнай нысанына шабуыл жасады

Әлем
Украина Ресейдегі маңызды мұнай нысанына шабуыл жасады
Фото: Photoshot/picture alliance

Украинаның Қауіпсіздік қызметі Владимир облысындағы «Второво» мұнай айдау станциясына дрондармен соққы жасалғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

27 маусымда Владимир облысындағы «Второво» мұнай айдау станциясы дрон шабуылына ұшыраған. Алдын ала ақпарат бойынша, ұшқышсыз аппараттар нысанның техникалық ғимараттарына тиіп, жарылыс болған.

Украина тарапы бұл соққыны Ресейге қарсы 40 күндік «ықпал ету операциясының» бір бөлігі деп атады. Сондай-ақ аталған станцияға 10 маусымда да шабуыл жасалғаны айтылды.

Алайда NASA-ның өрт мониторингі платформасы нысан аумағында өрт белгілерін тіркемеген. Владимир облысының билігі әзірге бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу