Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Украиндағы соғыс: Үндістан азаматтары Ресей жағында соғысып жүр

Әлем
Украиндағы соғыс: Үндістан азаматтары Ресей жағында соғысып жүр
Фото: УНИАН

Үндістанның 200-ден астам азаматы Украиндағы соғысқа Ресей тарапынан тартылған, деп хабарлайды Malim.kz УНИАН-ға сілтеме жасап.

Үндістан үкіметінің мәлімдеуінше, қолдағы деректерге сәйкес, елдің 200-ден астам азаматы Ресей тарапынан Украинаға қарсы соғысқа жалданған.

Хабарламада 26 адамның қаза тапқаны, тағы жетеуінің хабар-ошарсыз кеткені айтылды. Дели билігі Мәскеумен шамамен 50 үнді азаматын елге қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұған дейін 100-ден астам азаматтың отанына оралуына қол жеткізілген.

Мәскеу өз әскеріне тек ерікті түрде қосылғысы келетін шетелдіктерді ғана қабылдайтынын мәлімдеді.

Үндістан, Непал және Шри-Ланка билігі азаматтарын жалған уәделерге сенбеуге шақырды. Себебі осы елдердің жүздеген тұрғыны Ресей жағында Украиндағы соғысқа қатысып жүргені белгілі болды.

Украинадағы соғыста хабар-ошарсыз кеткендердің туыстарының айтуынша, ресейлік агенттер жас жігіттерді жоғары жалақысы бар заңды жұмыс пен тұрғын үй уәде етіп алдаған. Алайда кейін олар өздері түсінбейтін орыс тіліндегі келісімшарттарға қол қоюға мәжбүрленіп, майданға жіберілген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу