freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады

Қоғам
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде сақтады
pixabay.com

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.

Ұлттық банк мәліметінше, 2026 жылғы наурызда жылдық инфляция 11%-ға дейін баяулаған (ақпанда – 11,7%). Оның ішінде азық-түлік инфляциясы – 11,7% (12,7%), азық-түлікке жатпайтын инфляция – 11,3% (11,6%), сервистік инфляция – 10,0% (10,8%).

– Инфляцияның баяулауына бірқалыпты қатаң ақша-кредит шарттары, айырбас бағамының қолайлы серпіні, тұтынушылық сұраныстың тұрақтануы және Үкіметтің инфляцияға қарсы шаралары әсер етті. Наурызда айлық инфляция 0,6%-ға дейін төмендеді. Дегенмен оның деңгейі 5% нысаналы көрсеткіштен жоғары болып қалып отыр, бұл инфляциялық қысымның сақталғанын білдіреді, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар халықтың инфляциялық күтулері жоғары деңгейде қалып отыр: алдағы бір жылға арналған болжам 14,6%-ды (13,7%) құрады. Нарық қатысушыларының 2026 жылға арналған күтулері 10% деңгейінде.

Сыртқы факторларға келсек, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуалдың шиеленісуі энергия ресурстары, азық-түлік пен тыңайтқыш бағасының өсуіне әкеліп, әлемдік инфляциялық қысымды күшейтті.

Ресейде инфляция әлі де жоғары деңгейде сақталып отыр.

Ал Еуроаймақ пен АҚШ-та инфляцияның жеделдеуі белгісіздікті арттырып, орталық банктердің пайыздық мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдыруына себеп болды.

Алдын ала деректерге сәйкес, 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстан экономикасы 3,0%-ға өсті. Мұнай секторындағы баяулауға қарамастан, құрылыс, көлік, өңдеу өнеркәсібі және сауда салаларындағы жоғары белсенділік жалпы өсімді қамтамасыз етті.

– Проинфляциялық тәуекелдер негізінен сыртқы қысымның күшеюіне байланысты. Сонымен қатар тарифтердің өсуі, реттелетін бағалардың артуы және фискалдық саясаттағы өзгерістер инфляцияға қосымша әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ақша-кредит шарттарын жұмсарту мәселесі дезинфляциялық үрдістердің тұрақтылығы расталғаннан кейін ғана қаралады, – деп хабарлады Ұлттық банк.

Реттеуші инфляция динамикасын, ішкі сұранысты, бюджет шығындарын және сыртқы факторларды бақылауды жалғастыратынын атап өтті. Қазіргі үрдістер сақталған жағдайда алдағы кезеңде базалық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімі 2026 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу