freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық банк: бизнес пен ипотекаға сұраныс арта түседі

Қоғам
Ұлттық банк: бизнес пен ипотекаға сұраныс арта түседі
Gov.kz

Қазақстандық банктер жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, 2026 жылдың I тоқсанында бизнес тарапынан несиеге сұраныс аздап төмендегенімен, ірі компаниялар тарапынан инвестициялық жобаларға қызығушылық сақталған.
Ал II тоқсанда іскерлік белсенділіктің артуына байланысты бизнес несиесіне сұраныстың қайта өсуі күтіледі. Бұл туралы Ұлттық банк мәлім етті.

Ірі, орта және шағын бизнесті кредиттеу

ҚҰБ Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Кубенбаевтың түсіндірмесінде 2026 жылғы I тоқсанда банктер бизнес субъектілері тарапынан кредитке деген жалпы сұраныс аздап төмендегені айтылған.

— Ірі бизнес сегментінде банктердің бір бөлігі инвестициялық жобалар бойынша кейінге қалдырылған сұраныстың бар екенін және қарыз алушылардың ағымдағы экономикалық жағдайларда күту позициясын ұстанатынын алға тартты. Сонымен қатар, кейбір банктерде стратегиялық жобаларды қаржыландыруға арналған сұраныс көлемі айтарлықтай өскені байқалады. Ол жалпы сандық көрсеткіштерге де әсер етті. Осылайша, ірі бизнес субъектілерінің кредиттік өтінім саны тоқсаннан тоқсанға (т/т) 16%-ға өсіп, 238-ге жетті, ал олардың орташа мөлшері 80%-ға өсіп, 18,8 млрд теңге болды, — делінген хабарламада.

Сарапшының пікірінше, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің сұранысы біршама төмендеген.

Ал банктердің пікірінше, ол бұрын бөлінген мемлекеттік қолдау қаражатын игеру мен жыл басындағы маусымдық факторлармен байланысты. Банктер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ пен «Өрлеу» қорландыру бағдарламасының шарттарына ұсынылған өзгерістерді талқылап жатыр. Жаңа Салық кодексі аясында кейбір жеке кәсіпкерлердің өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына ауысу ықтималдығына қатысты банктер бұл өзгерістердің кредиттік белсенділікке қалай әсер ететінін бағалау үшін әлі де уақыт қажет екенін айтады. Кейбір банктердің цифрлық онлайн өнімдері есебінен орта бизнес сегментінде өтінім саны 5%-ға (т/т) өсіп, 5,0 мың болды. Өтінімдердің орташа мөлшері 15%-ға (т/т) өсті — 902 млн теңге. Шағын бизнес сегментінде өтінім саны 5%-ға (т/т) төмендеп, 912 мың болды. Ал олардың орташа мөлшері 11%-ға қысқарып, 24,8 млн теңге деңгейінде қалыптасты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу