Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлттық банк наурызда теңгені қолдауға қанша қаржы жұмсады

Саясат
Ұлттық банк наурызда теңгені қолдауға қанша қаржы жұмсады

«Әлемдегі қаржылық жағдай наурыз айында геосаяси ахуалдың ушыға түсуіне байланысты құбылмалы күйде болды. Сыртқы қысымдардың ел экономикасына ықпалын азайту үшін және ішкі валюта нарығында теңгерім сақтау үшін наурыз айының ортасында Ұлттық банк бірнеше рет валюта интернвенциясын жасады. Ай соңындағы қорытынды бойынша интервецниялардың көлемі 990,5 млн АҚШ долларына тең болған. Басқаша айтсақ, биржадағы сауда-саттықтың 29%-ы интервенциялық шараларға тиесілі», - деп жазды Ұлттық банк.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін трансферттерді қамтамасыз ету үшін 890,9 млн доллар сатылған. Бұл жалпы сауда-саттықтың 55% пайызына тең болды.

Алдыңғы айда доллардың теңгеге шаққандағы ең жоғары құны 512,17 теңге болды. Бірақ, кейін ұлттық валюта қайта нығая бастады. Ай соңында көрсеткіш 467,03 теңгеге дейін түсті.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаға тиесілі «сепаратистік» аумақтардың тәуелсіздігін мойындап, кейін оларға қауіп төніп тұр деген желеумен Украина қалаларын бомбалап, әскери «іс-қимылдар» бастаған. Бұл әрекетті ресми Киевпен әлемнің көптеген елдері «соғыс» деп атады. Қарулы қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр. Қазақстан билігі екі тарапты бейбіт келісімге келуге шақырып, Украинаға гуманитарлық көмек жіберіп жатыр.

Соғыс ашылғаннан кейін көптеген елдер Ресейге экономикалық санкциялар сала бастады. Оның салқыны Қазақстанға да тиіп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу