Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлыбритания Путинмен келіссөздерді қолдамады

Әлем
Ұлыбритания Путинмен келіссөздерді қолдамады
Фото: freepik.com

Владимир Путин Украинадағы бейбітшілік жөніндегі келіссөздерге дайын емес, сондықтан Киевтің одақтастары Мәскеуге экономикалық және әскери қысымды күшейтуі тиіс, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Иветт Купер Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Италия премьер-министрі Джорджа Мелони ұсынған Ресей президенті Владимир Путинмен диалогты қайта жандандыру туралы бастаманы қабылдамады.

«Путиннің шынымен де бейбітшілікті қалайтынын дәлелдейтін айғақтар қажет, ал қазіргі сәтте мен ондайды көріп тұрған жоқпын», – деді Купер бейсенбі, 15 қаңтарда жарияланған америкалық Politico басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде негізгі дипломатиялық күш-жігерді Украина мен оның ең жақын одақтастары жұмсап отыр.

«Украинаның АҚШ-пен бірлесе және Еуропаның қолдауымен қауіпсіздік кепілдіктерін қоса алғанда, бейбіт реттеу жоспарларын әзірлеу жолындағы жұмысына деген зор табандылықты көріп отырмыз», – деді Ұлыбритания СІМ басшысы.

Ал Кремль басшысы келіссөздер үстеліне отыруға дайын емес екенін атап өтті.

Осы себепті, Иветт Купердің пікірінше, соғысты тоқтату үшін Украина одақтастары Путинмен сөйлесудің орнына Ресейге қарсы санкциялар арқылы экономикалық қысымды күшейтіп, сондай-ақ Украинаға әскери қолдауды арттыруы қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу