Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысы жұмыртқа өндірісін нөлден - 40 пайызға көтерген

Экономика
Ұлытау облысы жұмыртқа өндірісін нөлден - 40 пайызға көтерген
© Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысы құрылғалы бері өңірдің ауыл шаруашылығы саласына 8,5 млрд теңге инвестиция құйылды. Оның 2,5 млрд теңгесі — биылғы жылдың үлесі. Бұл туралы облыс әкімдігі мәлімдеді.

Биыл іске қосылған негізгі жобалар

2024 жылы ауыл шаруашылығы бағытында бірнеше ауқымды жоба бастау алды:

  • Ұлытау ауданында – 400 гектар аумақта суармалы дақылдар мен көкөністер өсіру;
  • Жезқазған қаласында – 5 000 бастан асатын қой шаруашылығы фермасы; 500 гектарда суару жабдықтарын пайдалану арқылы мал азығын өсіру;
  • Жаңаарқа ауданында – 367 гектар аумақта суару технологиясымен мал азығын өндіру жөніндегі 2 жоба; 12 900 басқа арналған қой отбасылық фермасы; 7 800 бастық ірі қара малға арналған отбасылық ферма құрылысы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша қамтамасыз ету деңгейі

Қазіргі уақытта облыс:

  • сиыр етімен,
  • бірінші сұрыпты ұнмен,
  • бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан өнімдерімен

толық қамтылып етіліп отыр.

Инвестициялық жобалардың нәтижесінде тауық жұмыртқасын өндіру көрсеткіші 0-ден 40%-ға дейін көтерілген.

2025 жылы облыс халқын тауық еті және картоппен ішінара қамтамасыз ету жоспарлануда.

Суармалы жер көлемі артады

2022 жылы өңірде суару жүйесі бар алқаптар мүлде болмаған. Бүгінде суармалы егістік көлемі 1,7 мың гектарға жетті. 2026 жылға қарай бұл көрсеткішті 2,5 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген.

Жаңа өндірістер іске қосылды

Былтыр:

  • Жезқазған қаласында жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасы,
  • Жаңаарқа ауданында мал шаруашылығы кешені және мал сою цехы пайдалануға берілген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу