Ұлытау облысында 36 мемлекеттік қызметші букмекерлік кеңселерде бәс тіккен. Облыстық прокуратура мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.
Тексеру кезінде 36 мемлекеттік қызметшінің, оның ішінде 10 басшының букмекерлік кеңселерде бәс тіккені белгілі болды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салынған. Бұл шектеу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін сақтау мақсатында енгізілген. Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде заң бұзған қызметкерлер жұмыстан босатылды", – делінген хабарламада.
Қадағалау органы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы бақылауда болатынын атап өтті.