freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысында Ұлы Жеңістің 81 жылдығы кең көлемде аталып өтті

Қоғам
Ұлытау облысында Ұлы Жеңістің 81 жылдығы кең көлемде аталып өтті
Фото: Ұлытау облысының әкімдігі

Мерекелік іс-шара театрландырылған қойылыммен басталып, салтанатты түрде Мемлекеттік Ту әкелінді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, жиналған жұртшылық Жеңіс рухына тағзым етті.

Өңір тұрғындарын Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков құттықтап, Ұлы Жеңістің тарихи маңызына тоқталды.

«Қазақ мысының қара шаңырағы – Қарсақбай зауыты соғыс жылдары әскери өнімдер шығарып, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Бұл – біздің өңір үшін үлкен тарих, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мақтаныш. Қасиетті Ұлытау жерінен шыққан азаматтар майдан даласында да, тылда да табандылық пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсетті», – деді өңір басшысы өз сөзінде.

Ұлытаулықтар майданда қаза тапқан боздақтар мен ел тыныштығы жолында жанын қиған ерлер рухын бір минут үнсіздікпен еске алды. Қатысушылар бабалар рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Мерекелік шара барысында тұрғындарға дәстүрлі дала асханасы ұсынылып, Жеңіс әндері шырқалды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу