freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау облысында жаңа ветеринариялық пункт ашылды

Денсаулық
Ұлытау облысында жаңа ветеринариялық пункт ашылды
Ұлытау облысы әкімдігі

Жаңаарқа ауданының Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылында заманауи модульдік ветеринариялық пункттің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Жалпы аумағы 68 шаршы метр болатын жаңа ғимарат ветеринариялық қызмет көрсетуге қажетті барлық жағдаймен қамтамасыз етілген. Нысан толық жиһазбен жабдықталып, кондиционер орнатылған және өрт қауіпсіздігі жүйесімен қамтылған. Келушілер үшін ыңғайлы. 

Бұл нысан – Ұлытау облысында биыл пайдалануға берілген 22 модульдік ветеринариялық пункттің бірі. Қазіргі таңда 2026 жылға жоспарланған барлық ветеринариялық нысандардың құрылысы толық аяқталып, мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың теңгеріміне өткізілді.

Айта кетейік, Ұлытау облысы ветеринариялық пункттердің құрылысын алғаш болып толық аяқтаған өңір атанды. Биыл жалпы құны 570 миллион теңгені құрайтын 22 ветеринариялық нысан салынса, 2027 жылы 836,5 миллион теңгеге тағы 31 ветеринариялық пункттің құрылысын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу