Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұлытау өңірінде толық аяқталған өндірістік жобалардың үлесі басым

Экономика
Ұлытау өңірінде толық аяқталған өндірістік жобалардың үлесі басым
© Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысында 2024 жылы жалпы құны 138 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба жүзеге асырыла бастады. Олардың ішіндегі - мұнай базасының, жел электр станциясының және респиратор өндіретін зауыттың құрылысы толық аяқталды.

2028 жылға дейін - 920 млрд теңгенің 25 жобасы

Өңір 2028 жылға қарай жалпы құны 920 млрд теңгелік 25 ірі жобадан тұратын инвестициялық пул құруды жоспарлап отыр. Бұл бастамалар 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ іске қосылуда

Экономиканы әртараптандыруды тездету үшін Сәтбаев қаласында индустриялық аймақ құрылды. Бұл аумақта:

  • жалпы құны 5 млрд теңге болатын 3 жоба әзірленіп жатыр;
  • 100 жаңа жұмыс орны ашылады;
  • инфрақұрылым тарту жұмыстары биыл басталып, келесі жылы аяқталады.

Жобалардың жүзеге асуы өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа өндірістер ашуға, сауда-логистикалық байланыстарды нығайтуға және экономиканы біржақты бағыттағы тәуелділіктен арылтуға мүмкіндік береді.

50,3 млрд теңгенің әлеуметтік жобалары іске асуда

Өңірде демеушілер есебінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар да қолға алынған. Қолдау көрсетіп отырған негізгі ұйымдар:

  • «Қазақмыс» корпорациясы,
  • «Казцинк»,
  • «Qarmet» АҚ,
  • «Қазақстан халқына» қоры,
  • «Болат Өтемұратов» қоры.

Бұл жобалардың жалпы құны 50,3 млрд теңгені құрайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу