Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үндістан басшысы Мәскеудегі парадқа қатысудан бас тартты

Әлем
Үндістан басшысы Мәскеудегі парадқа қатысудан бас тартты

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Мәскеуге Жеңіс күніне арналған іс-шараларға қатысу үшін жоспарланған сапарынан бас тартты. Бұл шешім Пахалгам қаласында болған лаңкестіктен кейінгі жағдайға байланысты қабылданды, деп жазады ресейлік ТАСС.


22 сәуірде Үндістанның Джамму және Кашмир одақтас аумағында болған террорлық шабуылда 26 адам қаза тапқан болатын. 

Премьер-министр Үндістанда болған жағдайға байланысты Мәскеуге бармайды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Джамму мен Кашмир штатындағы террористік шабуылдан кейін билік 48 туристік нысанды жабу туралы шешім қабылдады. 

Бұған дейін хабарланғандай, Үндістан полициясы Кашмирдегі шабуылға қатысты күдіктіні анықтады. 

Кеше түнде Пәкістан әскері Джамму мен Кашмирдегі Паргавал секторындағы Үндістанмен шекарада оқ жаудырды. Атысты тоқтату режимі Джамму аймағының үш негізгі секторында да бұзылды. Үндістан әскері бақылау сызығында алтыншы түн қатарынан себепсіз атыс болғанын хабарлады.

Фото: interaffairs.ru   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу