Үндістанның Калькутта қаласы маңында вакцинасы да, емі де жоқ Нипах вирусы өршіп жатыр, деп жазды The Economic Times. Басылымның мәліметінше, аталған вирусты жұқтырудың 5 дерегі Батыс Бенгалия штатында анықталған, олардың қатарында дәрігер, медбике және медициналық мекеме қызметкері бар. 5 деректің 3-еуі осы аптада тіркеліпті.
Ауруханалар лық толы: Астанада вирус өршіп тұрғаны рас па?
Сонымен бірге Калькутта маңындағы жеке ауруханада жұмыс істеген тағы 2 медбике жаңа жылдық мерекеден кейін бірден жұқтырған. Екеуінің де қызуы қатты жоғарылаған. Тыныс алуы қиындаған. Вирус жұқтырғандардың бірі комаға түскен.
Вирустық инфекциядан барынша абай болыңыз!
Алдын ала болжам бойынша, ол талдау алынып үлгермей жатып қайтыс болған, ал вирусты науқасты емдеу кезінде жұқтырған болуы мүмкін.