freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үндістанда фейерверк зауытында жарылыс болып, 23 адам қаза тапты

Оқиға
Үндістанда фейерверк зауытында жарылыс болып, 23 адам қаза тапты
Depositphotos.com

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында фейерверк шығаратын зауытта болған жарылыс салдарынан 23 адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz Asian News International агенттігіне сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, қаза тапқандардың 19-ының денесі туыстары таныған.

Оқиға кезінде 13 адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Олардың қатарында 6 полиция қызметкері мен 1 өрт сөндіруші бар. Олар құтқару жұмыстары барысында болған екінші жарылыстан зардап шеккен. Indian Express басылымының хабарлауынша, жараланғандардың екеуінің жағдайы ауыр.

Жарылыс фабрика ішінде жұмысшылар тез тұтанатын химиялық заттарды тасымалдап жатқан сәтте болған. Сол уақытта ғимараттың ішінде шамамен 50 жұмысшы болғаны айтылады.

Ресми деректерге сәйкес, жарылыс зауытты толық шарпыған, нәтижесінде өндіріс нысаны толығымен қираған. Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалған.

Құтқару қызметтері үйінді астында қалған адамдарды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Айта кетейік, Үндістанда пиротехникалық өндіріс орындарында қауіпсіздік талаптарының сақталмауына байланысты мұндай қайғылы жағдайлар жиі тіркеледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу