Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үндістандық 18 жасар жігіт шахматтан әлем чемпионы атанды

Спорт
Үндістандық 18 жасар жігіт шахматтан әлем чемпионы атанды

Үнді шахматшысы Гукеш Доммараджу 18 жасында әлем чемпионы атанды. Ол Сингапурда өткен финалда қытай Дин Лижэнді қара фигуралармен жеңіп, 14-партияда 7,5:6,5 есебімен басым түсті. Сөйтіп, ол әлемнің ең жас чемпионы атағын иеленді, деп хабарлайды Malim.kz.

Халықаралық шахмат федерациясының жазуынша, Доммараджу Гукеш FIDE тарихындағы ең жас чемпион болып отыр. Бұған дейін бұл рекорд Гарри Каспаровқа тиесілі еді, ол 1985 жылы 22 жасында Анатолий Карповты жеңген болатын.

Чемпиондыққа жету жолында Гукеш биылғы үміткерлер турнирінде де ең жас жеңімпаз атанды. Турнир кезінде ол өзінің ерекше ойлау қабілеті мен табандылығын көрсеткен. Бұдан бөлек, ол Үндістан құрамасымен бірге шахмат олимпиадасында жеңіске жетті.

Финалдық ойында қытай шахматшысы, әлем чемпионы Дин Лирен мен үндістандық Доммараджу Кукиш 14 классикалық шахмат матчында кездескен еді. Ереже бойынша ойында 7,5 немесе одан да көп ұпай жинаған ойыншы жеңіске жетіп, 2,5 миллион доллар жалпы жүлде қорының көп бөлігін алады.
Фото: fide.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу