Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза тапты

Әлем
Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза  тапты

Пәкістан армиясының өкілі Ахмед Шариф Чодридің айтуынша, 57 адам жарақат алған. Бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.

Пәкістан Премьер-Министрі Шехбаз Шариф бұған дейін Үндістанның соққысын «жазасыз қалмайтын жиіркенішті агрессиялық әрекет» деп атаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Пәкістан Үндістанның соққылары бейбіт ауылдар мен мешіттерге тиіп, 26 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Көз жұмғандар ішінде балалар да бар. Қазір қаза тапқандар саны 31 адамға жетті, ал 57 адам жарақат алды.

Бұған дейін Үндістан Пәкістан бақылауындағы Джамму және Кашмир аймақтарына соққы бергенін және бұл аумақтарда Үндістанға қарсы лаңкестік шабуылдар жоспарланып, басқарылған «террористік инфрақұрылым» орналасқанын мәлімдеген еді.

Үндістан Пахалгамдағы терактіден кейін Пәкістанға қарсы шаралар жариялады.

Фото: globallookpress.com/IMAGO/Matrix Images

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу