freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жетібайдағы жанжал: балабақшада балаларға пышақ кезенген кім?

Оқиға
Жетібайдағы жанжал: балабақшада балаларға пышақ кезенген кім?
Pixabay.com

Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Жетібай ауылындағы «Жауқазын» балабақшасының айналасында дау туындады. Әлеуметтік желілерде балалар арасындағы жанжал түсірілген видео таралып, ата-аналардың наразылығын күшейтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Ата-аналардың айтуынша, балабақшада агрессив мінез көрсететін бала бар. Ол түрлі топтарға еркін кіріп, басқа тәрбиеленушілерге тиісіп, қорқытады.

«Ол қолына кеңсе пышағын ұстап алып жүреді екен. Қыздарды бастан ұрып, «Ұйықтамаңдар, әйтпесе бір жерлеріңді кесіп тастаймын!»  деп қорқытады. Бұл масқара!» - дейді ата-аналардың бірі.

Шағымданушылардың сөзінше, бұл бала – балабақша директорының ұлы. Сол себепті қызметкерлер оның әрекеттеріне көз жұма қарауы мүмкін деген күдік бар.

«Ол директордың баласы екен деп, біз өз баламызды ұрғыза алмаймыз. Ертең біреудің көзіне зақым келсе, кім жауап береді?» - деп наразы ата-аналар.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ата-аналар бейнебақылау жазбаларын сұратқан. Алайда мекеме әкімшілігі балабақша аумағында түсірілім жасауға тыйым салынғанын айтып, жазбаларды беруден бас тартқан. Ал учаскелік инспектор мұндай материалдарды тек ресми өтініш арқылы ғана алуға болатынын түсіндірген.

«Бейнежазбаларды алу үшін міндетті түрде ресми арыз жазылуы керек», - деген түсініктеме берілген.

Маңғыстау облыстық білім басқармасы бұл жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, 20 сәуірден бастап қызметтік тексеріс басталады.

«Арнайы жұмыс тобы құрылып, барлық мән-жай жан-жақты қаралады. Тексеру қорытындысы бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданады», - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Қазіргі таңда ата-аналар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп отыр. Олар барлық тәрбиеленушілерге қатысты заң талаптары тең дәрежеде қолданылуы тиіс екенін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу