2026 жылғы 19 сәуірде «Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз және қауіпті ауа райы құбылыстары күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Алматы қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Медеу, Бостандық аудандары) түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, шығыс және таулы өңірлерде жел күшейеді. Түнде солтүстігінде және тау бөктерінде 3°С-қа дейін үсік жүруі ықтимал. Қонаев қаласында да күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде тұман болжанып отыр.
Батыс өңірлерде ауа райы күрделене түседі. Маңғыстау және Атырау облыстарында жаңбыр мен найзағайға қоса шаңды дауыл соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақтау қаласында жел 15-18 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жел күшейіп, кей жерлерде тұман болады. Ақмола облысында да тұман түсіп, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, жел күшейеді. Қарағанды мен Ұлытау облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде де тұрақсыз ауа райы сақталады. Түркістан мен Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қар аралас жауын және тұман болады. Сонымен қатар бұл өңірлерде үсік қаупі сақталып, жоғары өрт қаупі тіркеліп отыр.
Жетісу облысында бірқатар қауіпті құбылыстар қатар күтіледі: жаңбыр, найзағай, тұман, үсік және қатты жел. Алакөл маңында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде кей жерлерде 3°С-қа дейін үсік жүреді.
Жалпы, 19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды.
Синоптиктер тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға және ауа райының өзгерісін ескеруге