freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

VI Азия жағажай ойындары: Қазақстан атынан қанша спортшы сынға түседі

Спорт
VI Азия жағажай ойындары: Қазақстан атынан қанша спортшы сынға түседі
Спортты дамыту дирекциясыVI Азия жағажай ойындары

Қытайда өтетін VI Азия жағажай ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Биылғы 22-30 сәуір аралығында Қытайдың Санья қаласында (Хайнань аралы) VI Азия жағажай ойындары өтетіні белгілі. Аталған жарыста барлығы 15 спорт түрінен медальдар сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы 9 спорт түрі бойынша қатысып, ел намысын 70 спортшы қорғамақ. 

Оның ішінде акватлоннан 6, 3×3 баскетболдан 8, су добынан 14, джиу-джитсудан 8, желкенді спорттан 6, ашық суда жүзуден 4, жағажай күресінен 8, жағажай волейболынан 8, спорттық құзға өрмелеуден 8 спортшы қатысады деп күтіліп отыр. 

Ойындар бағдарламасына олимпиадалық спорт түрлерімен қатар Азия өңірінде кең таралған дисциплиналар да енгізілген. Айта кетейік, бұл жарыстар Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың бір кезеңі саналады.

Байрақты бәсекеге барлығы 15 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу