Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ҰҚК мен ІІМ-нің 15 қызметкері Қаңтар қырғынында ұсталғандарды азаптады деген күдікке ілінді

Сұқбат
ҰҚК мен ІІМ-нің 15 қызметкері Қаңтар қырғынында ұсталғандарды азаптады деген күдікке ілінді

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактілері бойынша 15 қызметкер күдікке ілінді. Қазір соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Бұл туралы бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді.

Шындалиевтің сөзінше, қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам көз жұмған. Ал тағы алты адам түрмедегі азаптаулардан кейін қаза болды. 

"Қазіргі таңда азаптау бойынша 15 адам күдікті деп танылды. Соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Олардың сегізі – ұлттық қауіпсіздік комитетінен, біреуі полициядан", - деді Шындалиев мәжіліс кулуарында. 

Қалғандары бостандықта, оларға ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Шындалиев тергеу әлі жүріп жатқанын айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу