freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үш бала өртеніп кеткен тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған жас жігітті қамауға алды

Оқиға
Үш бала өртеніп кеткен тұрғын үйдің шатырынан секірмек болған жас жігітті қамауға алды
Астана қалалық полиция департаменті

Астанада «Көркем-3» тұрғын үй кешенінің шатырына шығып, секірмек болған 18 жастағы жігіт 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 2026 жылғы 20 сәуір күні болған. Қала тұрғыны көпқабатты үйдің төбесіне шығып алып, «секіремін» деп тұрғындардың мазасын алған. Бұл сәт әлеуметтік желіде тарады. Оқиға орнына жедел жеткен полиция мен құтқарушылар жас жігітті қауіпсіз жерге түсірген.

Іс Астанадағы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.

Сот мәліметінше, құқық бұзушы оқиға кезінде алкогольдік мас күйде болған. Ол өз әрекетін жеке жанжалмен және эмоционалдық күйімен байланыстырған.

«Құқық бұзушының әрекеті демонстративті сипатта болып, көпқабатты үйдің шетінде тұруы, жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын елемеуі, өз қауіпсіздігіне қатер төндіруі және айналасындағылардың алаңдаушылығын туғызуы қоғамға ашық құрметсіздік білдіргенін көрсетеді», – делінген сот хабарламасында.

Сот отырысында жас жігіт кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Оның сөзінше, бұл әрекетке қызымен болған жанжалдан кейін барған.

Сот қаулысымен ол Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, «Көркем-3» тұрғын үй кешені бұған дейін үш баланың өмірін қиған қайғылы өрт оқиғасымен белгілі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу