Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Үш жақты келісім жұмысшы қауіпсіздігін қорғайды

Экономика
Үш жақты келісім жұмысшы қауіпсіздігін қорғайды

Биыл жыл басынан бері Шымкенттегі мекемелер мен кәсіпорындарда 8 жазатайым оқиға болып, онда 12 адам зардап шегіп, 1 адам қаза тапқан. Былтыр 48 жазатайым оқиғадан 56 адам зардап шегіп, 9 адам қаза тапқан. Қала басшылығы әр мекеме мен әр кәсіпорын жұмысшы қауіпсіздігін басты назарға алып, төтенше жағдайлардың алдын алуға, адам өліміне жол бермеуге тапсырма беріп отыр.

Осы ретте бүгін Шымкентте әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Қала әкімінің орынбасары М.Исахов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер Конфедерациясының өкілі Альберт Толщин және кәсіподақ төрағалары мен қызметкерлері медиаторлар қатысқан жиында әлеуметтік шиеленістің, еңбек жанжалдарының алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау, өндірістердегі жарақаттану деңгейін төмендету бағытында жұмыстардың барысы талқыланды.

Жиын соңында Шымкент қаласының әкімдігі, «Шымкент қаласының «Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және «Қазақстан Республикасы жұмыс берушілертҰлттық Конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған өңірлік келісімге қол қойылды.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу