Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ұшақ атып түсірілді деуге екі нәрсе дәлел бола алады - АҚШ сарапшысы

Қоғам
Ұшақ атып түсірілді деуге екі нәрсе дәлел бола алады - АҚШ сарапшысы

АҚШ-та орналасқан CSIS Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы Қорғаныс және қауіпсіздік бөлімінің Аға кеңесшісі Марк Ф. Кансиан  Malim.kz-тің сұрақтарына жауап беріп, Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты кәсіби пікір білдірді.

Ұшақ атып түсірілді деуге екі нәрсе дәлел бола алады. Біріншіден, жолаушылардың кейбірі ұшақ сыртында жарылыс болды деді. Екіншіден, фюзеляждағы тесіктер жарықшақ орны сияқты. Бұл соңғы әрі нақты тұжырым емес. Себебі қозғалтқыш жарылса да салдары осылай болуы мүмкін, - дейді сарапшы.

Онын айтуынша, қалай десек те бір жауап болатыны анық.

Қара жәшіктерде ұшқыштардың не айтқаны және ұшақтың жағдайы жазылады. Турасын айтқанда, қазірдің өзінде құзырлы органдардың жауабы бар болуы ықтимал, - дейді Марк Кансиан.

 

Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу