Шығыс Қазақстан облысында 13 мамыр күні 6 градус суық болады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, аймақта ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды.
Алдағы түні облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын – жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы 1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжанып отыр.