Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Вашингтон Израильді толық қолдайды – Джо Байден

Әлем
Вашингтон Израильді толық қолдайды – Джо Байден

АҚШ президентінің кеңесшісі Джейк Салливан Иранның Израильге жасаған шабуылын «айтарлықтай эскалация» деп атады. Оның мәліметінше, Тегеран 200-ге жуық баллистикалық зымыран жіберген.

Салливан Израиль немесе АҚШ тарапынан жауап ретінде қабылданатын шаралар туралы айтудан бас тартты, бірақ американдық эскадралы мина тасығыштары Иранның зымырандарын атып түсіруге көмектескенін растады.

Пентагонның өкілі Пэт Райдер брифингте бұл шабуылды тойтаруға АҚШ әскери-теңіз күштерінің екі эскадралы мина тасығышы қатысқанын мәлімдеді. Олар Жерорта теңізінде орналасқан.

Американдық әскери ведомствоның мәліметі бойынша, сейсенбіде жасалған соққылардың ауқымы Иранның сәуірдегі шабуылымен салыстырғанда екі есе көп.

АҚШ президенті Джо Байден Вашингтон Израильді толықтай қолдайды деп мәлімдеді. Байденнің сөзінше, оның тікелей нұсқауы бойынша американдық әскерилер соққы кезінде Израильдің қорғанысына белсенді қолдау көрсетті. Ол сондай-ақ Иранның шабуылы тойтарылып, тиімсіз болғанын айтты.

Ал вице-президент және алдағы сайлауда Демократиялық партиядан президенттікке үміткер болып отырған Камала Харрис Байденнің шешімін толық қолдайтынын жеткізді.

АҚШ-тың Қорғаныс министрі Ллойд Остин әлеуметтік желіде «Вашингтон әлі де дипломатиялық келісімге қол жеткізуге ниетті, бірақ қажет болған жағдайда Израильді ирандық агрессиядан қорғауға дайын» деп жазды.

Фото: GPO/ Reuters

Дереккөз: bbc.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу