Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Әлем
Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Бүгін, 7 мамыр күні Ватиканда Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын сайлау рәсімі, яғни конклав басталды, деп хабарлайды Malim.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл жиынға шамамен 130 кардинал қатысуда. Олар Сикстин капелласында әлемнен оқшауланып, құпия жағдайда дауыс береді.

Бірінші күн әдетте діни рәсімдер мен дайындық шараларына арналады. Ал алғашқы дауыс беру бүгін кешке өтеді деп күтілуде.

Конклав кезінде кардиналдар Ватикан аумағынан шықпайды. Егер біреу құпияны бұзса, ол автоматты түрде шіркеуден аластатылады.

Дауыс беру нәтижесін Ватикан тұрғындары арнайы мұржадан шыққан түтін арқылы біле алады: қара түтін — жаңа папа әлі сайланбады, ақ түтін — жаңа понтифик сайланды дегенді білдіреді. Алғашқы түтіннің шығысы Мәскеу уақытымен 20:00-де күтілуде.

Жаңа папаның дәл бүгін сайлануы мүмкін болғанымен, бұл өте екіталай. Себебі, бірінші күні тек бір ғана дауыс беру туры өтеді. Бұған дейінгі понтифитер — Франциск, Бенедикт XVI және Иоанн Павел II — екі-үш күн ішінде сайланған. Тарихтағы ең ұзақ конклав XIII ғасырда өтіп, үш жылға созылған болатын.

Фото: Vatican Media/Geisler-Fotopress/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу