Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Оқиға
Вьетнамға жалған әуе билеттерін сатқан алаяқ cотталды

Астаналық тұрғынның алаяқтық әрекеттері салдарынан 70-тен астам азамат Вьетнамға демалысқа бара алмай қалды. Олардың туристік жолдамалары жойылып, жәбірленушілер айтарлықтай қаржылық шығынға ұшыраған, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі. 

Кінәлі тұлға әуе билеттерін нарықтағыдан төмен бағамен ұсынып, тұтынушыларғаоларды  арнайы байланыс арқылы сатып алатынына сендірген. Алайда ол шынайы билеттердің орнына жалған маршруттық түбіртектерді берген. Туристер әуе билеттерге тапсырыс жоқ екенін ұшар алдында, әуежайда бір-ақ білген.

Зардап шеккендер арасында ересектер де, балалар да бар. Жалпы материалдық шығын 17 млн теңгеден асты. Адамдар тек ақшаларынан ғана емес, көптен күткен демалыстарынан да айырылды – төленген қонақүйлер, экскурсиялар және басқа да шығындар өтелмеген.

Алаяқ әйел 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Келтірілген материалдық шығын сотталғаннан өндірілді.

Астана қаласы Нұра ауданының прокуратурасы туристік қызметтер алу үшін төлем жасамас бұрын құжаттарды мұқият тексерудің қажеттін ескертеді.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу