freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Wildberries қоймаларындағы өрт: Шаққалиев қазақстандықтарға не айтты?

Қоғам
Wildberries қоймаларындағы өрт: Шаққалиев қазақстандықтарға не айтты?
Әлеуметтік желілерден алынған фото

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтарға тауардың уақтылы жеткізілуіне кепілдік беретін маркетплейстерді таңдауға кеңес берді. "Wildberries қоймаларындағы өрттерден кейін сатып алушыларға тапсырыс беруге бола ма?" деген сұраққа ол осылай жауап берді, деп хабарлайды Malim.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеп.   

Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден қоймалардағы бірқатар өрттен кейін маркетплейс арқылы тауарға тапсырыс беруден сескеніп қалған қазақстандықтарға қандай ұсыныс айтатынын сұрады.

Шаққалиевтің айтуынша, сатып алушылар тәуекелдерді мұқият бағалап, өздері сенетін алаңдарға басымдық беруі керек.

"Менің кеңесім қарапайым: өздеріңіз сенетін маркетплейстерді таңдаңыздар. Жағдайды саралаңыздар. Тауардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз ететін алаңды таңдау қажет. Сонда сіз тұтынушы ретінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға сәйкес көбірек қорғаласыз", - деді министр.

Ол алаңды таңдау кезінде тек тауардың құнына ғана емес, жеткізудің сенімділігіне де назар аудару маңызды екенін атап өтті.

"Кейде нарықтағыдан айтарлықтай төмен баға әрқашан күмән тудырады. Бұның немен байланысты екенін және қандай салдары болуы мүмкін екенін түсіну керек", - деп толықтырды Шаққалиев.

Министр қазақстандықтарға отандық маркетплейстерді жиірек пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, қазіргі жағдай тұрақты логистика мен тауардың кепілді жеткізілуі қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

"Әрине, өзімізден тапсырыс беруге, сізге кепілді түрде жеткізілетін өнімді сатып алуға тырысу керек. Бұл ең негізгі түйткіл", - деп түйіндеді ол.

Мән-жайы

Айта кетейік, Wildberries логистикалық нысандарындағы өрт сериясы бірнеше аптадан бері жалғасып келеді.

Бұған дейін компанияның Мәскеу облысының Электросталь қаласындағы және Тамбов облысының Котовск қаласындағы қоймаларында өрт болған. Ресми мәліметтер бойынша, сол кезде сегіз адам қаза тауып, 50-ге жуығы жараланған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу