Палестиналық радикалды ХАМАС қозғалысы Израиль әскерін Газадан толық шығару секілді бірқатар шарттар орындалса, қаруды тапсыруға дайын, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Қозғалыс лидері Халиль әл-Хайя AFP агенттігіне берген мәлімдемесінде айтты.
Оның сөзінше, ұйым қаруын «оккупация мен агрессияға жауап ретінде ұстап отыр», ал егер олар тоқтатылса, қару «мемлекет бақылауына берілетінін» жеткізді. ХАМАС өкілдері қозғалыс суверенді палестиналық мемлекетті құру шартын да алға тартып, Израиль күштері шығарылған жағдайда ғана қаруды тапсыру мүмкін екенін атап өтті.