Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ХАМАС жетекшісі Мохаммед Синвардың көз жұмғаны расталды

Әлем
ХАМАС жетекшісі Мохаммед Синвардың көз жұмғаны расталды

ХАМАС жетекшісі Мохаммед Синвардың қаза болды. Бұл туралы Израиль билігі растады. Газа секторындағы жерасты командалық пунктінен табылған оның денесі Израильге жеткізіліп,  танылды, деп хабарлайды Euronews.


ЦАХАЛ Синвардың әуе шабуылы кезінде өлтірілгені туралы мамыр айының соңында хабарлады.

Мохаммед Синвар ХАМАС-ты өткен жылдың күзінен бастап бұрынғы көшбасшы, оның үлкен ағасы Яхья Синвар өлтірілгеннен кейін басқарып келген.

Атап өтілгендей, Израиль әскері Газа секторында азық-түлік тарату пункті маңында ашқан атыс кезінде кемінде төрт адам қаза тапқан.

Мұндай пункттерді Газада АҚШ-тың қолдауымен құрылған гуманитарлық қор ашты. Израиль әскері тек тарату орындарында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

ЦАХАЛ көмек таратылмай жатқанда сарбаздарға жақындауға тырысқан күдікті адамдарға оқ жаудырғанын растады.

Фото: Twitter,@bbcrussian 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу