Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Хасан Қасымбаев не үшін ұсталды

Құқық
Хасан Қасымбаев не үшін ұсталды

Талғардағы “Хуторской” банда тобының басшысы делінетін Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғаны мәлім болды. Қасымбаев адам ұрлығына және ұрып-соғуға қатысы бар деген күдікке ілінген.  Оқиға 2021 жылы Талғарда болған. Зардап шегуші ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы.

2021 жылы  Талғарда әлдекімдердің ер азаматты соққыға жығып, оны күштеп көлікке салып алып кеткені туралы видео тараған. Таяқ жеген адамның ережесіз жекпе-жек шебері әрі тренер Арман Әлімов екені белгілі болған.

Жәбірленушінің туыстары оқиғаның Виктория минимаркеті алдында орын алғанын айтқан. Есінен танған азаматты қылмыскерлер Кеңдала ауылы маңына апарып, тағы да ұрған. Ауыр жарақат салдарынан Әлімов Талғар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен.

Кейінірек осы іске қатысты 5 адам ұсталып, істеген қылмысы үшін әртүрлі жылға сотталған.  Қазір олар түрмеде отыр. 

Алматы облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Хасан Қасымбаев осы іске қатысты күдікті деп танылған. 

Айта кетейік, бұған дейін Хасан Қасымбаевтың ұсталғанын жазған едік. 

Фото: Видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу