Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ХОК Головкиннің World Boxing ұйымын мойындады

Спорт
ХОК Головкиннің World Boxing ұйымын мойындады

World Boxing Олимпиадалық комиссиясы 2024 жылдың қыркүйек айында құрылған еді. Федерацияның төрағасы қызметіне қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин тағайындалған болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазіргі таңда ұйымға 78 елдің федерациялары мүшелікке өтті. 2024 жылы өткен Париж олимпиадасына қатысқан спортшылардың 62%, жүлдегерлердің 58% World Boxing құрамына кірді.

Ұйым төрағасы Геннадий Головкин ХОК шығарған шешім жайлы өз пікірін білдірді.

“ХОК-нің ұйымды уақытша мойындауы – маңызды жетістік және біздің спорт дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді. Бұл шешім боксты Олимпиада ойындарында сақтау жолындағы мақсатымызды тағы бір қадам алға жақындатады. Мен World Boxing-ті қолдайтын барлық адамдардың үздіксіз еңбегінің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын”, – деді Головкин.

Фото: ҰОК

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу