Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Yandex Go кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа жүлдесін алғаш рет табыстады

Экономика
Yandex Go кәсіпкерлерді қолдайтын жаңа жүлдесін алғаш рет табыстады
© ҚазТАГ

Алматыда алғаш рет «Бизнес аңызы» жүлдесін тапсыру рәсімі өтті. Шараны бизнеске арналған Яндекс Go сервисі ұйымдастырды. Мақсат – Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға, жауапты және тұрақты шешімдер енгізуге үлес қосып жүрген компанияларды мойындау.

Марапат тоғыз аталым бойынша табысталды. Соның ішінде - қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік бастамалары, қайырымдылық, инклюзия және кәсіпкерлік экожүйесіне қосқан үлесі үшін берілген жүлделер бар.

Yandex Qazaqstan басшысы Тимур Шалекенов бизнес жүргізудің күрделі кезеңінде де табандылық танытып келе жатқан компанияларды бағалаудың маңызын айтты. Оның айтуынша, Яндекс Go сервистері кәсіпкерлермен бірге дамуды мақсат етеді және корпоративтік секторға қолдау көрсетуді жалғастырады.

Яндекс Go сервистері кәсіпкерлермен бірге дамуды мақсат етеді және корпоративтік секторға қолдау көрсетуді жалғастырады.

Компания Қазақстан нарығында алты жылдан бері жұмыс істейді: корпоративтік такси мен жеткізу қызметін ұсынады. Ал келесі жылдан бастап корпоративтік тамақтандыру бағыты енгізілмек. Сервис бизнестің процестерін жеңілдететін құжат айналымы, автоматтандыру, жеке менеджер және тәулік бойы қолдау жүйелерімен ерекшеленеді.

«Біздің шешімдер қызметкерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ете отырып, компаниялардың жұмысын тиімді жүргізуге көмектеседі», –

деді Тимур Шалекенов.

Жүлдегерлер

Жүлдегерлер

  • Іскер бағыттар аңызы – Huawei Technologies Kazakhstan
  • Түн аңызы – The Caspian International Restaurants Company
  • Логистика аңызы – Centras Brands
  • Қамқорлық аңызы – Эфес Қазақстан
  • Шекарасыз аңыз – Tele2 5G Altel 5G
  • Бизнес амбассадор – Арман Юсупов
  • Экологиялық аңыз – Promenade
  • Әлеуметтік аңыз – Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы
  • Жыл аңызы – BCC.kz КТ, Асхат Суйнишев

Қазылар алқасы Асхат Суйнишевті тұрақты және жауапты бизнестің үлгісі деп атап, оның инновациялық қадамдарын ерекше бағалады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу