Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаһан Отарғалиев үшінші рет үйленді

Шоу-бизнес
Жаһан Отарғалиев үшінші рет үйленді

Қазақстандық продюсер, актер әрі шоумен Жаһан Отарғалиев келіншегімен түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрдан актердің мешітте неке қию рәсімін өткізгенін көруге болады.

Ал оның алдында Жаһан әлеуметтік желіде анасымен түскен суретін салып:

Алланың қалауымен, анашымның қолдауымен өз таңдауымды жасадым. Бұйыртса, бүгін сіздермен бөлісемін. Қолдап отырыңыздар, деп жазды.

Көп ұзамай мешіттен видео жариялап, сүйінші хабарын жеткізді.

Бұл – жаңа өмірдің бастамасы, деп жазба қалдырды ол.

Дегенмен өнер иесінің таңдауы кімге түскені белгісіз.

Ал Жаһанның достары мен әріптестері оны құттықтап, бақыт тілеген. Олардың арасында әнші Kalifarniya, Шерхан Пірназар және Әсел Асқар секілді актерлер бар.

Фото: instagram.com/zhahan_utargaliyev

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу