Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Жалдамалы пәтерде түнеп шыққан». Полицейлер екі қыз баланы ата-анасына табыстады

Құқық
«Жалдамалы пәтерде түнеп шыққан». Полицейлер екі қыз баланы ата-анасына табыстады

Астаналық полицейлер Алматыға кетіп қалған кәмелетке толмаған екі жасөспірім қыз баланы тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала полициясының мәлімдеуінше, елорда тұрғыны кәмелетке толмаған қызы мен жиенінің жоғалып кеткені туралы арызданған. Жеке құрам бірден балаларды іздеуге жұмылдырылып, олардың болуы мүмкін барлық жерлері тексерілген.
Астаналық полицейлер 15 жастағы жеткіншектердің Алматыға индрайвер тасымалдау көлігімен кеткенін анықтаған. Жалдамалы пәтерде түнеп шыққан жеткіншектерді келесі күні таңертең қаланы аралап жүрген жерінен полицейлер тауып алған, деп жазды ПД.
Жедел іздестіру шаралары барысында Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жоғалған жасөспірімдерді анықтап, олар ата-аналары келгенше бейімдеу орталығына орналастырылды. Ата-аналарының қатысуымен алдағы уақытта мұндай оқиғалардың алдын алу жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Фото: 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу