Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамаубаев жемқорлық туралы: «Біз бірінші орында тұрамыз!»

Саясат
Жамаубаев жемқорлық туралы: «Біз бірінші орында тұрамыз!»

Жемқорлықпен күрес тәжірибесін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында ұсынып жүрген Қазақстан өз ішіндегі кеселді азайта алмай отыр. Тамырын тереңге жайған жемқорлық жөнінен басқа емес, Қаржы министрлігі  көш бастап тұр.

Үкімет отырысынан кейін журналистер министр Жамаубаевтан «Бас прокуратураның жүргізген ресми статистикасы бойынша, ішіндегі жемқорлары ең көп ведомство Қаржы министрлігі екені айтылды. Бұл туралы ойыңыз қандай?», - деп сұрады.

Жамаубаев әзірше ескертумен ғана шектеліп отыр.    

 «Біріншіден, бұл жөнінде тиісті ескертулер жасалды. Қазір бүкіл өңірлермен жұмыс атқарылып жатыр. Әрине, бұл статистика ешкімге жақсылық әкелмейді», - деп   созбұйдаға салды ол.  

Екіншіден, өздеріңіз білесіздер, жалпы министрліктердің ішінде біздің министрлік ең үлкені. Яғни құқық қорғау органдарын алмайтын болсақ, Қаржы министрлігінің қызметкерлері бүкіл мемлекет қызметкерлерінің 25 пайызын құрайды. Сол статисканы өздеріңіз адам басына шағып қарасаңыздар, біз бірінші орында тұрамыз», - деді вице-премьер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу