freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобы ұсталды

Оқиға
Жамбыл облысында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобы ұсталды
Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі мал ұрлығына қатысты қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сәуір айының екінші онкүндігінде Жамбыл облысы Сарысу ауданында жылқыларды ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды.

Тергеу барысында қаскөйлердің далада қараусыз жайылып жүрген малды алдын ала бақылап, түнгі уақытта Газель көлігімен келіп, малды тиеп алып, көршілес аудандарға апарып, жергілікті тұрғындарға сатқандығы анықталды.

Қазіргі таңда полиция аталған топ мүшелерінің жалпы құны 15 миллион теңгеден асатын 39 жылқыны ұрлағанын дәлелдеді. Барлық күдікті қамауға алынды. Еске саламыз, мал ұрлығын жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Мал иелеріне өз малдарын міндетті түрде сәйкестендіріп, қараусыз қалдырмау ұсынылады, - деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу