Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жамбылдық бухгалтерлер президенттен араша сұрады

Құқық
Жамбылдық бухгалтерлер президенттен араша сұрады

Жамбыл облысында білім беру саласы есепшілері 2019-2023 жылдар аралығында жалақысына қосып алған үстемеақыларының заңды екенін дәлелдей алмай, президентке хат жазған. Хаттың көшірмесі EGOV.PRESS телеграм-арнасында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Хат мәтініне қарағанда, облыстың білім беру саласының бухгалтерлерінің лауазымдық жалақыларына қызмет көрсету аймағы кеңейгені үшін 50% және ерекше еңбек жағдайлары үшін 10% мөлшерінде облыстық бюджеттен үстемеақы төленген. Осыдан кейін облыстың ішкі аудит департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп, сот арқылы бухгалтерлерге 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі үстемеақыларды бюджетке қайтаруды міндеттеген.

Аталған есепшілер үстемеақыларының ресми түрде бекітілгенін, ешқандай «өлі жандар» болмағанын айтып отыр. Сондықтан алған үстемеақыларын қалдыру үшін Президенттен араша сұрап, хат жазған.

Фото: niidpo.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу