Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі

Спорт
Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының алтыны үшін күреседі

Күрес түрлерінен Олимпиадаға енбеген салмақ дәрежелері бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатында Жәмила Бақбергенова финалға шықты, деп хабарлайды Malim.kz. 

72 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда Жәмила моңғол қызы Болортунгалаг Зоригттен айласын асырды. Бірінші кезеңде 6:3 есебімен жеңіп шықса, белдесуді 8:6 есебімен аяқтады. 

Финалда Жәмила Бақбергенова жапон қызы Ами Ишимен белдеседі. Бұл белдесу ертең сағат 22:00-де басталады.

Айта кетейік, бүгін боз кілемге шыққан Зульфия Яхьярова (55 келі), Диана Каюмова (59 келі) мен Ирина Казюлина (65 келі) 1/8 финалдағы белдесулерінде жеңіліп қалды.

Фото ©️UWW

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу