Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа әуежайдың құрылысын қадағалады  

Экономика
Жаңа әуежайдың құрылысын қадағалады  

Шымкент қаласына әлеуметтік-экономикалық маңызы орасан нысанның бірі ол – әуежай. Қала мегополис мәртебесін алып, демографиялық өсім қарқындап, экономика жанданып, әлеуметтің барыс-келісі көбейгелі қолданыстағы әуежай тарлық етіп келе жатқаны аян. Осы ретте әуежайда жаңа жолаушылар терминалының құрылыс жүріп те жатыр.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осы құрылыстың барысымен танысты. Бүгінде жобаның бірінші кезеңі толығымен 100 пайызға орындалған. Ал  екінші кезеңіндегі құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Қасбеттік жүйелерді монтаждау алдағы 15 маусымда аяқталуы тиіс екен.

Ал жалпы айтқанда, жолаушылар терминалының құрылысы  60 пайызға орындалған.

Әкім сондай-ақ, әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың орындалуын да қадағалап, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқандардың есептерін тыңдады.  Мұрат Әйтенов Шымкент қаласына ғана емес, оңтүстік өңірге аса маңызды жаңа әуежайдың құрылысы өзінің тікелей бақылауында екенін де атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу