Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңа туған нәрестемен Қазақстаннан кетпек болған Қытай азаматтары ұсталды

Оқиға
Жаңа туған нәрестемен Қазақстаннан кетпек болған Қытай азаматтары ұсталды
freepik.com

Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар шетелдіктер Қазақстаннан кетпек болғанда ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

11 қараша күні Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар қытайлық екі отбасылық жұп ұсталды. Шетелдіктердің балаларға қатысты құжаттары болған, бірақ олар Қазақстаннан шыға алмады.

Алматы қаласы полиция департаменті әуежайда Қытай азаматтарының ұсталғанын растады.

“Бұл факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлімі (Кәмелетке толмағандар  саудасы) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу