Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңаөзен іргесіндегі жол апаты: бір жолаушы қаза тапты

Оқиға
Жаңаөзен іргесіндегі жол апаты: бір жолаушы қаза тапты
Zakon.kz

Жаңаөзен қаласына жақын маңдағы «Өзен» кен орны аумағында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Оқиға 26 қаңтар күні кешкі сағат 19:00 шамасында Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты өндірістік аймақта болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Mitsubishi L-200 маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан SHACMAN жүк көлігімен соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан жол талғамайтын көлікте отырған жолаушы оқиға орнында жан тапсырды. Ал түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған жүргізуші шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл норма жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан жағдайларды қамтиды.

Жол апатына қатысқан көліктер арнайы айыптұраққа қойылды. Қазіргі уақытта оқиғаның себеп-салдарын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу