Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Саясат
Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
ФОТО: ©Facebook

Жаңаөзен қаласында кадрлық өзгеріс болды. Қала әкімі Жансейіт Қайнарбаев қала активі мен қалалық мәслихат депутаттарына жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Мұқаш Мақсат Асқарұлы тағайындалды.

Мұқаш Мақсат Асқарұлы
Мұқаш Мақсат Асқарұлы ©gov.kz

Мұқаш Мақсат Асқарұлы 1991 жылы Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді маман. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін – «Дене шынықтыру және спорт», М.С. Нарикбаев атындағы ҚАЗГЮУ университетін – «Құқықтану», сондай-ақ Esil University оқу орнын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2013 жылы білім және спорт саласында бастаған. Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде басшылық қызметтер атқарып, саланың дамуына үлес қосты.

2019–2023 жылдары Жаңаөзен қаласындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін басқарды. Ал 2023 жылдан бастап Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2025 жылғы 22 желтоқсаннан бастап Мұқаш Мақсат Асқарұлы Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары лауазымына кірісті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу